Көлікке орнатылған газ баллоны жарылып кетті
Көлікке орнатылған газ баллоны жарылып кетті
358
оқылды
Оқиға газ тарату қондырғысынан бір-екі қадам жерде болған, деп хабарлайды Sputnik.kz. Көліктің қосалқы бөлшектері аулаға қарай ұшып кеткен, зардап шеккендер жоқ. 14 мамырда Көкшетаудағы аулалардың бірінде тұрған көліктің газ баллоны жарылды. Әрі қарай өрт болған жоқ, бірақ қосалқы бөлшектер аулаға ұшып кеткен. Видео авторы бұл оқиғаның Юбилейный шағын ауданындағы тоғыз қабатты ғимараттың ауласында болғанын айтады.
"Көлігімді тексеруге келдім. Бүтін сияқты. Аулада көлік жарылды. Дәлірек айтқанда, газ баллоны. Көлік Ресейде тіркелген. Міне, газ жабдығын осылай орнатып жүрміз. Ішінде ешкім болмаған. Құдай сақтады", - деп түсініктеме берген ер адам. 
Полиция департаменті бұл фактіні растады.
"14 мамырда сағат 18.45 шамасында Volkswagen Golf автокөлігіне орнатылған газ баллоны жабдығы жарылды. Ол 37 жастағы Көкшетау қаласының тұрғынына тиесілі. Қазіргі уақытта автокөлік иесі Николаевка ауылында вахталық әдіспен жұмыс істеп жатыр. Меншік иесінің айтуынша, ол газ жабдығын пайдаланбаған, оны 2020 жылдың маусым айында Көкшетау қаласында сатып алған. Автокөлік Қазақстанда 2017 жылдан бері пайдаланылып келген", - деп түсіндірді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, полицейлер автокөліктің техникалық паспортында ГБО белгісі жоқ екенін атап өтті. Автокөлік иесі келгеннен кейін тексеру жүргізіледі, деп түйіндеді ведомство.