ҰБТ өткізу бір сағатқа шегеріледі
ҰБТ өткізу бір сағатқа шегеріледі
226
оқылды
16 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында ҰБТ өткізу бір сағатқа шегеріледі. Ұлттық тестілеу орталығы мәліметінше, ертең елордада ғана ҰБТ бір сағатқа шегеріледі. Сонымен, таңғы сағат 9.00-де басталатын ҰБТ сағат 10.00-ге, түскі сағат 14.00-де басталатын ҰБТ 15.00-ге ауысты.
«Аталмыш жағдай Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тестілеу пунктінде («Тәуелсіздік сарайы», Тәуелсіздік көшесі 52-үй) техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты орын алып отыр», – делінген хабарламада.