QazVac вакцинасын салдыртқан бедеу әйелдер жүкті болып жатыр
QazVac вакцинасын салдыртқан бедеу әйелдер жүкті болып жатыр
225
оқылды
Бала көтере алмаған онға жуық келіншек вакцина салғызған соң, аяғы ауыр болғанын айтып, ғалымдарға алғысын жаудырыпты. Бірі дәрінің бір дозасын алып, тағы екеуі екпенің қос компонентін қабылдағаннан кейін бала көтергенін растаған, - деп хабарлайды Zakon.kz басылымы. Сонда індетке қарсы препараттың осындай ерекше әсері бар ма? Әлде бұл жай ғана сәйкестік пе? Алматы және Тараз қаласындағы онға жуық келіншек вакцинаны салдырған соң жүкті болған. Бірі 20 жылдан астам уақыт бала көтере алмай жүрген екен.
"Ол мүмкін вакцинадан да болар. Ол басқа да жағдайлардан да болуы мүмкін. Дегенмен факт. Вакцинациядан кейін осындай тіркелгендеріміз бар", — дейді биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закарья.
Алайда, осы дерекке нақты екпенің қатысы бар я жоғын әзірге дәлелдеу қиын. Өйткені жүкті келіншектер клиникалық зерттеулерге қатыспайды. Қалай болғанда да, бастысы енді дүниеге дені сау сәбилер келсе болғаны.