Екпеден соң ағылшын ханшайымының денсаулығы нашарлаған
Екпеден соң ағылшын ханшайымының денсаулығы нашарлаған
212
оқылды

Кент Майкл ханзаданың 76 жастағы жұбайы Мария Кристина фон Рейбниц коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын салдырған соң, денсаулығының күрт нашарлағанын айтты.

The Sun басылымының хабарлауынша, ханшайым бір айдан бері үйде емделіп жатыр. Бұған екпеден кейін тромбтардың пайда болуы әсер еткен.
"Ханшайым өзін нашар сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінді", — дейді басылымның сенімді дереккөзі.
Сондай-ақ, ханшайым туралы мақалада "Айналасындағылар да жағдайы туралы білген соң ауыр ойдың жетегінде жүр. Жүректері ауырады. Ол расымен де осындай жағдайды өткерді" деп жазылған. Еске салсақ, QazVac вакцинасын салдыртқан бедеу әйелдердің жүкті болып жатқаны туралы хабарлаған едік. Алматы және Тараз қаласындағы онға жуық келіншек вакцина салдырған.