Әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттың авторы анықталды
Әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттың авторы анықталды
169
оқылды
Полиция жалған хабарламалардың авторын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде ішкі істер органдары Instagram-да “Qaznews24” аккаунтын тапты, оның парақшасында жалған хабарламалар үнемі жарияланып тұратын. – “Жылына бір рет – қазақстандықтардың шетелге шығуына шектеу қойылады”, “683 432 теңге қазақстандықтың 2021 жылғы орташа айлық жалақысы – Ұлттық статистика бюросы”, “ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мефедронды заңдастыруды ұсынды…”, “Зорлау және жыныстық қысым көрсету баптарын қылмыстықтан әкімшілікке ауыстырады”, “Мәжіліс депутаттары депутаттардың кірістері мен мүлкін міндетті түрде декларациялау туралы заңды кері қайтарып алды”, “Қазақстандықтарға шетелге шығу үшін Көші-қон полициясынан шығу визасын алулары керек” және тағы басқа тақырыптағы басылымдар үлкен резонанс тудырды. 5,5 мыңнан астам жазылушы жалған ақпаратты алып отырған, – деді ведомстовадан. Бұл хабарламалардың қисынсыздығына қарамастан, қолданушылар белсенді түрде репост жасап, жедел хабарламалар арқылы бір-біріне жалған жаңалықтар жіберіп, скриншоттар жасап, оларды басқа ақпараттық ресурстарға көшіріп отырған. Анықталмаған ақпаратты жариялау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.