Сауда орталығының жанынан ер адамның мәйіті табылды
Сауда орталығының жанынан ер адамның мәйіті табылды
219
оқылды

Полицейлер ер адамды өлтіріп кеткен немесе көлік қаққаннан кейін көз жұмған деп болжам жасап отыр.

Ташкент тас жолы бойында орналасқан «Апорт» сауда және ойын-сауық орталығына қарсы бетте ер адамның мәйіті табылды.

1972 жылы туған ер адамды өлтіріп кеткен. Ол алған жарақатынан сол жерде жан тапсырған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды.