Биыл Қазақстанда өлім-жітім көбейген
Биыл Қазақстанда өлім-жітім көбейген
210
оқылды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Оның ішінде қала тұрғындары – 11 млн. 204 мың 800 (59,2%), ауыл тұрғындары – 7 млн 735 мың 600 мың адам (40,8%). Былтыр 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 250,2 мыңға немесе 1,3%-ға артты.

2021 жылғы қаңтар-наурызда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда (61,5 мың адам) 4,6%-ға өсіп, 64,3 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда – 13,73 адам. Биыл қаңтар-наурыз аралығында елімізде 36,1 мың адам қайтыс болды. Бұл былтырғы қаңтар-наурызға (31,2 мың адам) қарағанда 15,8% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,71 болды.

Қаңтар-наурыз аралығында 1 жасқа дейін шетінеген 815 нәресте тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда (796 шетінеген нәресте) 2,4%-ға артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 жаңа туған нәрестеге шаққанда 8,11 болды.