«Сарыағашқа ет алып келемін...» – 13 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ Ресейде ұсталды
«Сарыағашқа ет алып келемін...» – 13 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ Ресейде ұсталды
227
оқылды

Сарыағаш АПБ-ның жедел уәкілдері 13 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не 2008 жылы жергілікті тұрғын арызданған.

Өзінің танысы Өзбекстаннан ірі мөлшерде ет жеткізіп беремін деп сеніміне кіріп, 2,5 миллион теңгесін жымқырып кеткеніне шағымданған.

Күдіктіге іздеу жарияланған. Алайда деректің жоқтығынан ұрыны ұстау қиын болды. Соған қарамастан, сарыағаштық полицейлер күдіктіні анықтау үшін күні-түні еңбек етті. Нәтижесінде, күдіктіні Мәскеуде ұстап, Қазақстанға жеткізді. Күдіктінің 10 жыл бойы Ресейде жұмыс істеп жүрген жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

Айғақты зат ретінде күдіктіден ақша алынып, заңды иесіне қайтарылды. Алаяқты қамауға алды.