Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
163
оқылды
Қазгидромет синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Бірнеше өңірде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей аудандарында найзағай ойнап, жел соғып, бұршақ жауады. Солтүстік-батыс пен батыстан соққан жел түнде секундына 15-20 метр жылдамдыққа дейін жетуі мүмкін. Нұр-Сұлтанда күндіз бұлтты болады, ауа температурасы 30-32 градусқа дейін көтеріледі. Түнде термометр +14, +16 градусты көрсетеді. Алматыда жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы қалыптасып, күндіз +24, +26 градус, ал түнде 9-11 градус жылы болады.