“Түнгі патруль” рейдтік іс-шарасы кезінде Маңғыстау жолдарында алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 14 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері “Түнгі патруль” профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Рейд тек қала мен ауылдық жерлердегі автожолдарда ғана емес, республикалық маңызы бар тасжолдарда да жүргізілді.
Жол қозғалысы ережелерін бұзушылар арасында мас күйдегі 14 жүргізуші анықталып, мамандандырылған айыптұраққа барлығы 21 автокөлік жабылған.
– Алдын алу іс-шаралары облыста тұрақты түрде жүргізіледі, олардың мақсаты жолдағы апатты азайту және жолда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады, – деп атап өтті Маңғыстау облысының полиция басшысы Ж. Бақтыбаев.