Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

ҚазҰУ ректоры Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты

Нұрбек БАҚЫТ Нұрбек БАҚЫТ
Мамыр 18, 2021
35
қаралым

Алқалы жиын көрнекті ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналды. Оған Қазақстан және алыс-жақын шет елдердің мемлекет пен қоғам қайраткерлері, ЖОО басшылары мен ғалымдары, БАҚ өкілдері қатысты.  

Білім ордасының басшысы Олжас Омарұлын мерейлі жасымен құттықтай отырып, ақынның шығармашылығы мен әлемдік мәдениетке қосқан үлесі жайында ой толғады. Дара тұлғаның өз өлеңдері арқылы әлемдік руханият ауқымын қамтып, халықаралық мінберлерде адамзатқа ортақ мәселелерді көтергенін атап өтті.  Өз сөзінде ректор: «Әлем азаматы деңгейіне көтеріліп, рухты жырларыңызбен миллиондаған оқырманның жүрегіне жол таптыңыз» дей келе, Францияның экс-президенті Жак Ширактың Елбасымен кездесуінде ақын өлеңін оқып, қазақ халқына айрықша құрмет көрсеткенін еске алды.

ҚазҰУ ректоры Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты 1

ЖОО басшысы жаңашылдығымен дараланатын ақын шығармаларының тереңіне үңілді. Әлемдік әдебиетте Олжас Сүлейменовтің  рухани феноменіне қызығушылық жоғары екенін айта отырып, Сорбонна профессоры Леон Робельдің пікірімен бөлісті.

– Француз жазушысы «Қыш кітабы» поэмасының аудармасын ұсына келе: «Олжас Сүлейменовке мәдениеттер бауырластығы және халықтардың рухани өзара дамуы идеясы бұрыннан жақын. Оның пікірінше, жазудың, тілдердің және аңыздардың құпиясын ашу бізге адамзат тарихына басқаша қарауға көмектеседі.

–  Олжас Сүлейменовті Гилгамеш, Гюго, Хлебников сынды ұлылардың мұрагері немесе ізбасары ретінде мойындаймыз» деген болатын, – дей келе,  қоғам қайраткерінің тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюына қосқан үлесіне тоқталды.

ҚазҰУ ректоры Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты 2

Ақын тойы 19 мамыр күні өзі білім алған төл университетінде жалғасады. Қара шаңырақта аудитория және мұражай ашылып, қаламгер шығармашылығына арналған халықаралық конференция өтеді.

Тегтер: ҚазҰУОлжас Сүлейменовхалықаралық конференция
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Тобыл» командасының бас бапкері тағайындалды

Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқан 7 адам ұсталды

Шымкентте белгісіз біреулер аяусыз соққыға жыққан ер адам есін жимастан көз жұмды

«Жауһар жәдігер» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Доллар тағы 6 теңгеге арзандады

Ота жасатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы белгілі болды

1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі – Ералы Тоғжанов

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»