Автобус жолағымен жүруге рұқсат
Автобус жолағымен жүруге рұқсат
231
оқылды

Қазақстанда Bus Lane жолағымен көліктің басқа түрлерінің жүруіне рұқсат берілетін уақыт белгіленетін болды. Көлік жүргізушілерінің көпшілігіне майдай жағатын бұл жаңалық Үкімет қаулысының жобасында көзделген.

Мұндай өзгеріс Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті әзірлеген Үкімет қаулысының жобасында көзделген. Аталған жобада «Жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына Bus Lane жолағымен тек қоғамдық көліктердің жүру уақыты таңертең 2 сағат, ал кешке 3 сағат болып өзгерту енгізілмек. «2. 5.9, 5.10.1 – 5.10.3 бел­гілерімен белгіленген мар­­­шруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін және сағат 17.00-ден 20.00 уақыт аралығында қоғамдық кө­ліктердің жүруі жүзеге асы­рылады және аялдайды (Қа­­­ғидалардың 24-бөлімінің 2 және 4-тармақтарында көз­делген жағ­дайларды қос­пағанда), қал­ған уақыттарда және демалыс күндері осы жолақта қоғамдық кө­лік­тер­ден басқа көлік құ­­­­ралдары жүру және аялдау жү­зеге асы­ры­лады», – делінген жа­рия тал­қылауға шыға­рылған қау­лы­да.  

И.ҚУАНЫШ