Әр азаматқа лайықты өмір!
Әр азаматқа лайықты өмір!
273
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жө­ніндегі қоғамдық кеңес құрылып, алғашқы отырысы өтті. 

Кеңес алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты қа­лалық сайлауалды бағдарламасын іске асуы үшін дайындалған Жол кар­тасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақса­тында құрылды. Отырысты жүргізген «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева кеңес құрамымен таныстырды. Сонымен қатар жиында Жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бас­шысы Бақытжан Позыловтың баян­дамасы тындалды. Алдағы 5 жылда денсаулық сақтау сапасын күшейтуге ерекше көңіл бөлініп отыр. 1 000 орындық көпса­лалы аурухана, 10 медициналық меке­мелер мен 12 амбулаторияның құрылысы жүргізіледі. Медицина мекемелерінің материалдық-техни­калық базасы жаңартылып, «кешенді медициналық ақпараттық жүйе» ен­гізілу жоспарға енгізілді. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары сайлауалды бағдарламада көрсетілген, алдағы уа­қытта салынатын медициналық меке­мелердің дер кезінде пайдалануға бе­рілуін, олардың материалдық-тех­ника­лық базасының жаңартылуын, медицина сапасының артуын, кешенді медициналық ақпараттық жүйенің енгізілуін, кәсіби мамандардың бі­лімін жетілдіруін бақылауда ұстау қажет екенін баса айтты. – Партияның басты мақсаты мен құндылығы – азаматтардың денсау­лығы мен өмір сапасын жақсарту. Халықтың әл-ауқатын одан әрі арт­тыру – Елбасы саясатының негізгі басымдығы. Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде қиындық­тарды еңсеріп, жетістіктерге бірге жетуге болатынына сенемін, – деді Жанар Әлібекқызы және кеңес мү­шелерін жұмыла отырып жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ отырыс барысында кеңестің 2021 жыл­ға арналған жұмыс жоспары бе­кітіліп, кеңес жұмысы бойынша ұсы­ныс қабылданды.

Әбілмансұр ЖАСАН