Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтті
Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтті
198
оқылды

14-16 мамыр күндері Алматы қаласында Балуан Шолақ спорт кешенінде дзюдодан жас­өспірім­дер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтті.

Аталған құрлықтық додаға Қазақ­стан, Өзбекстан, Қырғыз Респуб­ликасы және Тәжікстаннан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысты. Жасөспірім санатындағы дзюдо­шылар 16 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтаса, жастар 14 салмақ бойынша сынға түсті. Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 8 алтын, 8 күміс және 20 қола жүлде жеңіп алып, командалық есепте бірін­ші болды. Ал Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 8 күміс және 11 қоланы қоржынына салып, медаль кестесінде 2-орынға жайғасты. 2 алтын жеңіп алған Қырғыз елі құрамасы 3- орында болды. Жастар арасында өткен бәсекеде Қазақстан құрамасы үздік атанды. Отандық жас татами шеберлері 7 алтын, 11 күміс және 21 қола жүлде жеңіп алды. 6 алтын, 2 күміс және 6 қола жүлде иеленген Өзбекстан жас­тар құрамасы жалпы медаль кестесінде екінші болса, Қырғыз Республикасы құрамасы 1 алтын медальмен үздік үштікті қорытындылады.

И.ҚУАНЫШ