Әуезов ауданының патрульдік полицейлері тұрғын үйлердің ауласын аралау кезінде екі күдіктіні байқаған.
Олар алдымен жер қазып жатқандай кейіп танытқанымен қимылдары күдік тудырды.
Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр: «Патрульдік көлік жақындай берген кезде күдіктілер қаша жөнелген. Алайда, тәртіп сақшылары оларды ұстады. Күдіктілерді тексеру кезінде қалтасынан есірткі орамдары түсіп қалған. Ұсталған – 18 жастағы О. есімді күдіктінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған 30 өсімдік тектес зат табылды, оның досы – 17 жастағы М. есімді тұрғыннан осыған ұқсас 20 пакет тәркіленді», – деді.
Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.