Әлеуметтік желіде «Сергек» жүйесіне тіркелген жол ережесін сақтамау фактілері бойынша салынатын айыппұлдарды жою жөнінде хабарлама жарияланған.
Бұл жайтқа қатысты полиция тексеру жүргізді.
Алматы полициясы басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов: «Тексеру нәтижесінде, Алматы қаласының тұрғыны анықталды. Оның айыппұлдарды заңды түрде жою бойынша заңгерлік қызмет көрсетумен айналысатыны белгілі болды», – деді.
Ол осындай екіұдай жарнама арқылы көпшілікті қызықтырғысы келген.
Алматы полициясы басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, «Сергек» автоматтандырылған жүйесінің жұмысына адами фактор ықпал ете алмайды.