Әлемге әйгілі желаяқ, есімі Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енген Марат Жыланбаев өз бастамасымен мамандарды ертіп келіп, арнайы құрылғыларды алдыртып, тастардың бетіне жазылған кісі есімдерін өшіртті.
[caption id="attachment_137978" align="aligncenter" width="1200"] Әйгілі желаяқ Марат Жыланбаев. Фото: zakon.kz[/caption]
Арнайы құрылғымен тастардың бетіндегі жазуды өшірудің табиғатқа зияны жоқ.
Орманшылар туристерге ескерту тақтайшасын орнатты. Тақтайшада орманда тәртіп сақтамағандар әкімшілік жауапқа тартылатыны, айыппұл салынатыны ескертілген.
Ұлттық парк табиғат жанашыры Марат Жыланбаевқа алғыс айтты.