Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видео-конференция режимінде Швейцария Президенті Ги Пармеланмен келіссөз өткізді. Екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Тараптар Қазақстан мен Швейцария арасындағы қатынастардың даму қарқынын жоғары бағалап, көлік, логистика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, туризм, жоғары технология мен «жасыл» экономика салалары бойынша іскерлік байланыстарды нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса мән берді.