Белгісіз біреулер киіктерді тірідей көмген
Белгісіз біреулер киіктерді тірідей көмген
236
оқылды
БҚО тұрғындары жануарлар өлігін жою кезінде бірнеше киікті тірідей көмген. Экология министрлігі Батыс Қазақстан облысының полициясына жануарларға қатыгездікпен көрсету дерегі бойынша шағымданды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева мәлімдеді.
"Батыс Қазақстан облысында жануарлар өлігін жою кезінде киіктерді тірідей көму дерегі тіркелді. Жануарлар өлігін жинауды және жоюды Тау ауылдық округі әкімдігі бірнеше учаскеде жүргізген. Осы дерек бойынша мұқият тергеу жүргізу үшін ІІД-ге арыз түсіргіміз келеді. Жануарларға қатыгездік көрсетуге жол бергендер жауапқа тартылуы керек", – деді Самал Ибраева.
13 мамырда Жәнібек ауданы, Тау ауылының маңынан 372 өлген киік табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар ауа-райының қолайсыздығына байланысты өлуі мүмкін. Нақты себебі әлі анықталмаған. https://www.youtube.com/watch?v=d5x-8rE4ork