Кәсіби мамандардың білімін жетілдірмек
Кәсіби мамандардың білімін жетілдірмек
202
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Білім және ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырысты кіріспе сөзімен ашқан Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева білім саласы жылдан-жылға жақсы жолға қойылып келе жатқанын айтып, осы мақсатта атқарылған бірқатар іс-шараға тоқталды. Жиында қоғамдық кеңес мүшелері сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында дайындалған Жол картасын­дағы негізгі көрсеткіштердің орындалуы­на бақылау жасап, құрылысы жүріп жат­қан және алдағы уақытта салынатын бі­лім мен ғылым мекемелерінің дер ке­зін­де пайдалануға берілуін қадағалай­тынын тілге тиек етті. Сондай-ақ кеңес мүшелері материалдық-техникалық базаның жаңартылуын, білім сапасының артуын, кәсіби мамандардың білімін жетілдіруді жіті назарда ұстайды. Кеңес мүшелері отырыс барысында білім сапасын бақылау, бағалау жүйесін жетілдіре түсудің маңыздылығы туралы айтып, адымдап болса да алға жылжып отыруды, талаптарды күшейте отырып, төмен көрсеткіштерді көтеру бойынша жоспарлы шаралар барысын қалыптас­тыру қажет екенін де ерекше атап өтті. Айта кетейік, қоғамдық кеңеске пар­тияның қоғамдық-саяси іс-шараларына қатысып, праймеризде белсенділік та­нытқан тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ОҚМПУ проректоры Баршагүл Исабек жетекшілік етеді.  

А.ЖҰМАШ