Мемлекет басшысы Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді
301
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция режимінде Швейцария Президенті Ги Пармеланмен келіссөз өткізді. Екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар Қазақстан мен Швей­цария арасындағы қатынас­тардың даму қарқынын жоғары бағалап, көлік, логистика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, ту­ризм, жоғары технология мен «жасыл» экономика салалары бо­йын­ша іскерлік байланыстарды ны­ғайтуға және бірлескен ин­вести­циялық жобаларды жүзеге асыруға баса мән берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Швей­царияны Қазақстанның Еуро­падағы негізгі саяси, сауда және эко­номикалық серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Бүгінде елі­мізде Швейцария капиталының қа­тысуымен 40-тан астам кәсіп­орын мен компания табысты жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы қол жет­кізген уағдаластықтарды жүзеге асыруда Сауда-экономикалық ын­ты­мақтастық жөніндегі екі­жақты үкіметаралық комиссияның және Іскерлік кеңестің маңызды рөліне тоқталды. Сонымен қатар Президент экономиканың түрлі секторындағы серіктестік аясын кеңейтуді және тараптардың әлеуе­тін ескере отырып, тауар ай­на­лы­мының түрлерін көбейтуді ұсынды. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын дамыту жө­ніндегі жобаларға қатысуға ниет білдірген швейцариялық компа­нияларды қолдайтынын айтты. Келіссөз барысында корона­вирус індетінің таралуына қатысты ахуал да қарастырылды. Қазақстан Президенті еліміздегі пандемия­ның салдарын еңсеруге бағыт­тал­ған шаралар және халыққа жаппай тегін екпе салу жұмыстары жа­йында айта келіп, швейцариялық компанияларға көрсеткен көмегі мен COVID-19 індетіне қарсы кү­ресте қолдағаны үшін ризашы­лы­ғын білдірді. Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ги Пармелан халықаралық күн тәрті­біндегі бірқатар өзекті мәселе бо­йынша, соның ішінде Қазақстан мен Швейцарияның көпжақты құрылымдар аясындағы ықпал­дастығы жайында пікір алмасты. Тараптар жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету, климат­тың өзгеруіне қарсы күресу, Ор­талық Азиядағы трансшекаралық суларды әділ әрі тиімді пайдалану­ға ықпал ету мәселелері бойынша конструктивті диалогті жалғастыра беруге дайын екенін нақтылады.