Синоптиктердің болжауынша, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал.
Еліміздің солтүстік, орталық, шығысында нөсер жауып, дауыл соғуы мүмкін.
Тек қана еліміздің оңтүстік-батысында күн райы ашық болады.
Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстіктің кей жеріне шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысында дауыл соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Павлодар облысында дауыл соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстанда дауыл соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Батыс Қазақстанда дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы мүмкін, жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, екпіні 23 м/с болуы ықтимал.
Қостанай, Жамбыл, Алматы облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Ақтөбе облысында жел 16 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облысында қатты ыстық болады.
Қызылорда, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталады.