Бірақ сот үкімі шыққан соң, арызданушы әйел өткен іске өкініп, «жала жаптым» деп өз кінәсін мойындаған. Алайда сот шешімі өзгеріссіз қалды. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Сотталып кеткен ер адамның анасы Светлана Уналова арызданған әйел, яғни ұлының сүйіктісі полицейлерден қорыққаннан жала жапқан дейді.
«Екеуі тату-тәтті тұратын. Бір күні ұлым қол жұмсаған. Сүйіктісі полицияға арыз жазған. Полицейлер ұрғаны үшін жаза жеңіл екенін, «зорлады» деп жаз деп айтқан. Әйел арызда «зорлады» деген сөзді жазғанына өкініп, шағымын кері қайтарғысы келген», – дейді Светлана Уналова.
https://youtu.be/JTMA2k_fq2E
Наурызда Ақтау қалалық соты ер адамға қатысты 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Жала жапқанына енді өкінген әйел құзырлы органдарға қайта шағымданбақ.