Ертең Қара теңіз аумағынан суық ауа массасының келуіне байланысты, батыс және оңтүстік өңірлерді қоспағанда, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.
Түнде солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда кей жерде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп күтіледі.
«21 мамырда түстен кейін Иран аумағынан жылы ауа массасының келуіне байланысты температура көтеріледі: солтүстік, солтүстік-батыс, орталық аудандарда 25-33 градусқа дейін күн жылы, оңтүстікте 35 градус ыстық болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, қатты жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін. 20-21 мамырда еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман басуы мүмкін», – дейді метеорологтар.