Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар күйеуі кепілге алған әйелді құтқарды, деп хабарлайды YK-news.kz.
Оқиға 18 мамырда кешке қарай Өскемен қаласында болған.
Балтамен қаруланған азамат өзінің әйелін кепілге алып, үйіне кіріп, билік өкілдерінің келуін талап етті, - делінген хабарламада.
Қала әкімі оқиға орнына шұғыл жетіп, қауіпті азаматтың үйіне кірген.
Жақсылық Омар үйге кіріп, ер адаммен сөйлесіп, әйелін жіберуді өтінді.
Олардың не жайлы сөйлескендері белгісіз, бірақ кепілге алынған әйел босатылды.
Содан кейін ашуланған азамат балтасын терезеден лақтырып, әкіммен бірге сыртқа шығып, үйді қоршауға алған полиция жасағына өзі берілді, - деп жазады басылым.