Көкшетауда қару мен қолдан жасалған жарылғыш заттарды өндіретін жасырын цех жойылды
Көкшетауда қару мен қолдан жасалған жарылғыш заттарды өндіретін жасырын цех жойылды
252
оқылды
15 сәуірде Көкшетау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды заңсыз жасауға және оларды өткізуге қатысы бар қылмыстық топты жойды. Топтың үш қатысушысы қару мен қолдан жасалған жарылғыш заттардың кезекті партиясын сату кезінде ұсталды. Жасырын цех ұсталғандардың бірінің үйінде болған. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 7 тапанша, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 патрон, сондай-ақ қару-жарақты модификациялау мен жасауға арналған құралдар алынды. Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде. Осы жылдың мамыр айында Ресей Федерациясының Қазан қаласында болған қайғылы оқиға қаскүнемдердің қолындағы атыс қаруы ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін көрсетті. Осыған байланысты қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл ҚР арнаулы және құқық қорғау органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады. https://www.youtube.com/watch?v=MLYLGaLVsyw