Ақтөбеде төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен 4 жасар сәби аман қалды. Сәбидің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 18 мамырда сағат 19.20 шамасында Нефтянников көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Баланың анасы өзінің кәмелетке толмаған ұлы қонақ бөлмесінің терезесінен абайсызда құлап кеткенін айтқан.
Бұл – облыстағы биылғы жылғы үшінші оқыс жағдай. Сондықтан құтқарушылар кішкентай балалары бар пәтер тұрғындарына арнайы терезе құлыптары мен темір тор орнатуға, жиһаздарды терезе маңынан алысырақ қоюға шақыруда.