Белгілі болғаны, келіні жеті жастағы ұлымен ата-әжесінің үйіне қонаққа келген.
Содан кейін бала әжесінің үйінде қалады. Келесі күні таңертең әжесі такси жүргізушісіне нақты мекенжайын көрсетіп, баланы анасына жіберген. Бір сағаттан кейін келініне қоңырау шалған енесі баланың үйге әлі келмегенін біледі.
Содан кейін 102-ге хабар береді. Баланы іздеген полицейлер үй маңайындағы барлық жерді тінтіп шыққан.
Такси жүргізушісі көрсетілген мекенжайды таппай, баланы әжесі отырғызған жерге қайта апарып тастаған. Бала үйді шатастырып, жоғалып кеткен.
Көп ұзамай полицейлер баланы тапты.