Шетелде тұратын қандастар Ұлттық бірыңғай тестті қашан тапсырады?
Шетелде тұратын қандастар Ұлттық бірыңғай тестті қашан тапсырады?
368
оқылды

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Биыл пандемияға байланысты ҰБТ қандастар үшін 2021 жылғы маусым айында 2020 жылғы тәжірибені ескере отырып онлайн форматта өтеді. ҰБТ тапсырудың бұл форматы министрлік, Ұлттық тестілеу орталығы және «Отандастар» қорымен бірге жан-жақты қаралды. Министрлік қандастарға қазақстандық жоғары оқу орындарында жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Пандемияға байланысты ҰБТ-ны ұйымдастыру процесі кезінде біздің студенттер мен жастардың денсаулығын сақтауға айрықша мән береміз», – деді министр.

Бұған дейін ҰБТ талаптары туралы жазған болатынбыз.