Қазақстанда доллар қымбаттады
Қазақстанда доллар қымбаттады
224
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар тағы қымбаттады.

Сауда-саттықта доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда доллар 1,55 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 429,16 теңге болды.

Ұлттық банктің 20 мамырдағы ресми бағамы бойынша 1 доллар – 427,54 теңге. Kurs.kz-тің мәліметінше, Алматыда доллар 429,81 теңгеден сатылса, ал сатып алу – 426,25 теңге.

Нұр-Сұлтанда доллар 429,06 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 427,99 теңге.