Қазақстанда салынып жатқан вакциналардың бағасы қанша?
Қазақстанда салынып жатқан вакциналардың бағасы қанша?
184
оқылды

Шетелден жеткізілген коронавирусқа қарсы вакцина бағасы QazVac-тан қымбат.

Атап айтқанда, Hayat-Vax – 62,2 доллар, «Спутник V» – 26 доллар, отандық QazVac-тың бағасы – 9,4 доллар.

[caption id="attachment_138583" align="aligncenter" width="960"] width= Фото: holanews.kz[/caption] «Самұрық-Қазына» қоры қытайлық вакцинаның бір миллион дозасын сатып алғанын хабарлаған болатынбыз.

 «Sinopharm компаниясы жасаған вакцина «СҚ Фармация» хабтарына жеткізілгеннен кейін, алдымен холдинг контингентінің қажеттілігіне қарай қолданылады. Содан соң қалған вакцина халық арасында екпе алуға ниет білдірген адамдарға таратылады», – деді министрлік өкілдері.

Бұған дейін вакцина салдырған соң қайтадан коронавирусқа шалдыққандар мен қайтыс болғандар туралы жазған болатынбыз.