Елордада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінің 10-қабатынан жұмысшы құлап кетті, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға туралы хабарлама сағат 10:50-де түскен.
«Бүгін сағат 10:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментіне Есіл ауданындағы Мәңгілік ел, 80 мекенжайында жаңадан салынып жатқан «Алингер» тұрғын үй кешенінде қайғылы жайт болғаны туралы хабарлама түсті. Құрылыс компаниясының 1988 жылы дүниеге келген жұмысшысы 10-қабаттан құлап кетті. Ол №2 қалалық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.