Көкшетауда екі студент қыз жатақханадан қашып кеткен
Көкшетауда екі студент қыз жатақханадан қашып кеткен
5,102
оқылды
Көкшетауда екі студент қыз жатақханадан қашып кеткен. Із-түзсіз жоғалып кеткен кәмелет жасына толмаған қыздарды таппаған колледж басшылығы полицияға арыз берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. "Бірінші курс оқитын 15 және 17 жастағы студент қыздар колледж жатақханасынан 18 мамыр күні шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Бір тәуліктен астам уақыт іздеген колледж басшылығы 19 мамыр күні кешкі сағат 17.38-де Көкшетау қалалық Полиция басқармасына арыз беруге мәжбүр болыпты. Колледж директорының орынбасарының айтуынша, студенттер бұған дейін жатақхананы өз еркімен кетіп көрмеген. Арыз түсісімен ұшты-күйлі жоғалған қыздарға іздеу жарияланды. Жедел-іздестіру шараларына 30-дан астам полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Арада 7 сағат өткенде қыздардың қайда екені белгілі болды. Олар Көкшетау қаласындағы саяжайлардың бірінде достарымен демалғаны анықталды», - дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. Қыздармен профилактикалық әңгіме өткізілген. Полиция тағы бір мәрте ата-аналар мен кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдеріне балаларға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру қажеттігін ескертті.
«Балалардың қолында мобильді телефондары болғаны жөн. Жасөспірімдермен сенімді қарым-қатынас орнатып, оның достары мен жүретін ортасын, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне қарай қызығушылықтарын білген дұрыс», - дейді полиция департаментінен.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы