«Әлем аруына» қатысқан қазақ қызы экс-әкімнің немересі деген сөзді жоққа шығарды
«Әлем аруына» қатысқан қазақ қызы экс-әкімнің немересі деген сөзді жоққа шығарды
223
оқылды
«Әлем аруы» сұлулық байқауында бақ сынаған Камилла Серікбай өзінің Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Серікбай Нұрғисаевтың туысы екенін жоққа шығарды.
"Мен Камилла Серікбай Қызылорда облысының экс-әкімінің немересі және жоғары шенді шенеуніктің қызы деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. Бұл ақпаратты koyanbayev_qulagi телеграм-каналы таратып жіберген. Жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын ескерткім келеді. Бұл ақпаратты растап алу үшін БАҚ менімен байланысқан жоқ. Бұл кәсібилікке жатпайды деп есептеймін. Мен және менің отбасымның Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлымен ешқандай байланысы да, таныстығы да жоқ!", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.