25 мамырға қарай коронавирус өршуі мүмкін - Рүстемова
25 мамырға қарай коронавирус өршуі мүмкін - Рүстемова
194
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова 25 мамырға қарай коронавирус өршуі мүмкін деп есептейді. 
"Соңғы аптада коронавирустың жұғу қарқыны азайғаны байқалады. Ауруханаға түскен науқастардың саны да азайды. Қазір сауда орталықтары жұмыс істеп тұр. Халықтың бір-бірімен араласуы, сыртқа шығуы жиіледі. 1-9 мамырда мерекелік демалыс болды. Осының бәрін ескерсек, 14 күннен кейін 25 мамырға қарай коронавирус өршуі мүмкін, - деді ол МӘМС жүйесінің жүзеге асырылу барысы туралы өткен брифингте.
Оның айтуынша, сәуірде халық вакцинаны белсенді салдырды. Мамырда тұрғындардың белсенділігі бәсеңдеген.
"Тұрғындар вакцинаға балама жоқ екенін түсінеді деп ойлаймын. Қалыпты өмірге оралу үшін міндетті түрде халықтың басым бөлігі вакцина салдыруы керек", - деді Әлия Рүстемова.