Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды
Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды
149
оқылды
Алматы облыстық Полиция департаменті Талғар ауданында екі көліктің бетпе-бет соқтығысуына байланысты тергеу шараларын бастады. Жол апатынан бір әйел қаза тапты. Ал оның қызы – төрт жасар бала және тағы екі адам ауруханаға жатқызылды.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, Daewoo Espero-ның 36 жастағы жүргізушісі оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан. Ол Төңкеріс ауылына бір шақырымдай қалғанда жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Mitsubishi Galant-ты соққан", – дейді полицейлер.
Қайтыс болған 30 жастағы әйел Daewoo-да отырған. Оның қызы сан алуан жарақат алды. Төрт жасар бала Алматы өңірлік клиникалық ауруханасына жатқызылды. Тағы екі жолаушы Өтеген батыр кентінің ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Daewoo жүргізушісінің кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.