Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, 20 мамыр күні Лозаннада (Швейцария) садақ атудан әлем кубогі кезеңінде жартылай финалдық сайыстар өтеді.
Әлем кубогі кезеңінде классикалық садақ ату бойынша Қазақстан құрамасынан бірде-біреуі жартылай финалға өте алмады. Іріктеу кезеңі аясында ел құрама сапынан Денис Ганькин жоғары нәтижеге қол жеткізді. Үшінші кезеңге дейін жеткен Денис Ганькинді германиялық Максимилиан Векмеллер тоқтатты. Ильфат Абдуллин мен Санжар Мұсаев екінші кезеңнен тізгінді тартса, Сұлтан Дүзелбаев бірінші айналымда-ақ жарыстан шықты.Айбике ЖАНАСЫЛ