Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 мамырда қамыс өртін cөндіру үшін 13 қызметкер мен АЦ-6-40, Трэкол, Шерп, АСА-20 маркалы арнайы техникалар жұмылдырылған. «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 тікұшағымен әуеден барлау жүргізу кезінде шамамен 10,6 гектар аумақта 6 өрт ошағы анықталды.
Тікұшақпен әуеден су шашып, 4 өрт ошағы сөндірілді.
Өрттің себебін арнайы мамандар анықтайды