Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте атмосфералық қысым әсерінен күн ыстық болады.
Сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек Шығыс Қазақстан облысында өткінші жаңбыр жауады.
«Иран аймағынан соғатын жылы және құрғақ ауа массалары келуіне байланысты ауа температурасының әсерінен күн қатты ысиды. 24 мамырда күндіз термометр бағаны 30-38 градусқа дейін жетеді. Тек оңтүстік-шығыс, шығыс және орталықта күн 25-35 градус болмақ. Кейбір өңірде жел күшейіп, оңтүстікте құмды дауыл соғады», – дейді синоптиктер.