Мас жүргізуші полиция қызметкеріне қоқан-лоқы көрсеткен
Мас жүргізуші полиция қызметкеріне қоқан-лоқы көрсеткен
226
оқылды
Елордада мас жүргізуші полиция қызметкеріне қоқан-лоқы көрсеткен. 20 мамырда қала аумағында полиция қызметкерлері 500-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтады. Жедел басқару орталығының бейнебақылау операторлары сағат 09:30-да Қорғалжын тасжолынан  жолда қауіпті жағдай тудырған «BMW» автокөлігін байқаған. Тәртіп бұзушыны ұстау кезінде Жедел басқару орталығының операторлары патрульдік полицейлердің іс-қимылын үйлестіріп, тәртіп бұзушының жүру бағытын көрсетті. Бөгенбай батыр көшесінде «BMW» маркалы автокөлік тоқтап, ішінен 32 жастағы мас жүргізуші түскен. Ер адам қоқан-лоқы көрсетіп, полицияның заңды талаптарын орындаудан бас тартқан. Патруль көлігінде болған кезде ол дөрекі сөздер айтып, бейнежазба камерасына қарап, «жазаларыңды беремін» деп полиция қызметкерін қорқытқан. https://www.youtube.com/watch?v=Zktugk9IATM Медициналық куәландыру деректері бойынша жүргізуші орташа ауыр мас күйде болған. Ол сот шешімімен қамауға алынып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.