Қазақстан бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
167
оқылды

Еліміздің бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. 

Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық өңіріне мынадай кәсіпкерлік нысанда "Ashyq" жобасын іске асыру тапсырылды:
  1. йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  2. спа-орталықтары;
  3. сауналар, бассейндер;
  4. PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  5. боулинг клубтары;
  6. кинотеатрлар;
  7. театрлар мен филармониялар;
  8. асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  9. облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  10. бильярд клубтары;
  11. концерт залдары;
  12. ерікті қатысушылар;
  13. караоке;
  14. көрмелер;
  15. океанариум;
  16. марафондар;
  17. көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  18. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
  19. Алматы қаласының әуежайы;
  20. (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
  21. лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.
2. Қоса беріліп отырған:
  1. осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңадан қатысушыларды қосу алгоритмі;
  2. осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;
  3. осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі;
  4. осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары бекітілсін.
3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және: 1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізуді; 2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің тізбесін айқындауды; 3) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар (мысалы, «Аitu» платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) арқылы пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді; 4) тестілік режимде қатысатындарды және ерікті қатысушыларды қоса алғанда, «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты әкімдіктердің сайтында орналастыруды; 5) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және олардың Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) берілуін; 6) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды; 7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін. 4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
  1. осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;
  2. қызмет түріне тыйым салынған және рұқсат беру құжаттары (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама) жоқ объектілердің қатысуына жол бермеу мақсатында осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өңірлік кәсіпкерлік палаталарында қарау сатысында «Ashyq» жобасына қатысушылардың өтінімдерін келісуді;
  3. «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етсін.
  4. «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша):
  5. осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдерді қарауды және қатысушылардың тізімін әкімдіктерге жіберуді;
  6. жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
6. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері шаралар қабылдасын және: 1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін. 7. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері құзыретіне сәйкес шаралар қабылдауды және: 1) осы қаулының 3-тармағының 1) - 7) тармақшаларына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізуді; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың бұзылуының профилактикасы жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысының тиімділігін қамтамасыз етсін. 8. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері осы қаулының 4-тармағының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес шаралар қабылдасын. 9. «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 18 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.