Ashyq қосымшасында тағы да ақау шықты
Ashyq қосымшасында тағы да ақау шықты
199
оқылды
Ashyq қосымшасынан тағы да ақау шықты. Бұл туралы жобаның Telegram-каналында хабарланды. "Құрметті Ashyq қосымшасының қолданушылары, бізде қосымшадағы мәртебені көрсету кезінде техникалық проблемалар туындауда. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз! Ashyq-тың осы жүйедегі баламалы нұсқасын қолдануларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов қазақстандықтарға Ashyq қосымшасының баламалы жүйесі – Ashyq-Aitu туралы айтқан болатын. Aitu жүйесінде республикалық ПТР мәліметтер базасы бар болғандықтан, "қызыл" мәртебеге ие адамдар бірден анықталады. Қазір карантиндік шектеу шараларына қарамастан, Ashyq жобасына қосылған кәсіпкерлік нысандарға жұмысын қайта бастауға рұқсат етілген.