Оралда жас жігіт тоғызыншы қабаттан құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат басылымы.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін, шамамен сағат 20.00-де Д.Қонаев шағынауданындағы 56-үйде болды.
29 жастағы жігіт кондиционер қондыру кезінде 9-қабаттан құлап кетіп, оқиға орнында қаза тапты. Жедел тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 20.03-те шақырылып, бригада екі минуттан кейін жетті. Жас жігіт жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Ол кондиционер қондыратын жалдамалы жұмысшы болған.