Ақтауда тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түскен
Ақтауда тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түскен
158
оқылды
Ақтауда қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсті. Салдарынан газ құбыры зақымдалды, – деп хабарлайдыLada.kz сайтына сілтеме жасап. Бүгін таңғы сағат 03.30-да Ақтаудың 30-шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінің қабырғасы құлап түсті.
"Оқиға күндіз болса, зардап шеккендер болушы еді. Бұл үй ақпаннан бастап Меншік иелері қауымдастығының (МИҚ) басшылығына өтті, сондықтан жауапты адамды таба алмаймыз. МИҚ басшылары мен қызметкерлері уәде айтады, бірақ міндеттемелерін орындамайды", – дейді үйдің тұрғыны Сәуле.
Оқиға орнында қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің және Төтенше жағдайлар басқармасының тиісті жауапты бөлімдері, сондай-ақ, Мүлік иелері бірлестігінің бірлескен тобы жұмыс істеп жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=Sv-t-Kd-vRE&feature=emb_title