СҚО-да өзен жағасында суретке түспек болған оқытушы мен студент суға кетті
СҚО-да өзен жағасында суретке түспек болған оқытушы мен студент суға кетті
5,197
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің жағасында суретке түспек болған екі бойжеткен аяқтары тайып кетіп, суға кетті. СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 23 мамыр күні сағат 18.16 шамасында болған. «Сосновый бор» демалыс орнының маңында 1994 жылы және 2001 жылы туған екі адам суға батып кетті. 27 жастағы бойжеткен М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде мұғалім болып еңбек етсе, 20 жастағы екіншісі сол оқу орнының 4-курсында оқыған екен. Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, екі қыз Есіл өзенінің жағасында суға түспек болған. Алайда аяқтары тайып кетіп, суға құлаған. Қатты ағын оларды құтқаруға мүмкіндік бермеді. Денелері судан шығарылып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.