Бүгін, 24 мамыр - Димаш Құдайбергеннің туған күні. 27 жасқа толған әнші қазақтың атын әлемге танытып, ғажайып дауысымен тыңдарманын тәнті етті. Халықаралық ән байқауларының жеңімпазын дүниенің әр түкпіріндегі жанкүйерлері құттықтап жатыр. Осыған байланыста Димаш жайында 7 қызық жайтты топтастырдық.
Сонымен қатар Димаш Құдайберген өзінің досы Дамир Мураттимен серіктес болып, өзінің брендімен шоколад пен шай шығарды. Ол өнімдер бізде ғана емес, Еуропа мен Америкада да танымалдыққа жетті.
Елімізде 2017 жылы құрылған «Dimash Salem» деп аталатын әншінің фан-тобы бар. Қазір топтың әлеуметтік желідегі инстаграм парақшасына 3,5 миллионнан адам жазылған. Олар Димаш десе, ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер әншінің гастрольдік сапарын қалыс қалдырмайды. Негізі әлемнің 150-ден аса елінде Димаш Құдайбергенге рухани қолдау көрсететін 200-ден аса фан-топ ашылған. Тіпті, отандасымыздың өнеріне тұрақты қолдау көрсететін телеарналар мен радиолар бар. Мысалы, польшалық радио Димаштың әндерін әуе толқынында әуелетіп, әншінің өмірі мен Қазақстан туралы әртүрлі бағдарламалар жүргізеді екен. Ал Чили Республикасында отандасымызды тәулік бойы көрсететін телеарна жұмыс істейді.