Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында жоғалып кеткен 5 жасар бала өлі күйінде табылды, - деп хабарлады Otyrar.kz.
Бала абайсызда су тоғанына құлап кетіп, көз жұмған. Баланың мәйітін судан құтқарушылар алып шықты, туған-туыстары таныды.
Еріктілер табылған мәйітті ешкім танымады деген жалған ақпарат таратпауды сұрайды.