Әлеуметтік желіде қазақстандықтар 50 мың теңге көлемінде көмек берілетіні туралы ақпарат таратып жатыр, - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің хабарлауынша, мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тараған 50 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті тағайындау үшін 3 120 теңге төлеу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қандай да бір төлемді аудару үшін «байланыстырылған» жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер жоқ екенін хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Министрлік жалған ақпаратты таратуға заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.