Елбасы белгілі ғалым Иса Байтулиннің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты
Елбасы белгілі ғалым Иса Байтулиннің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты
173
оқылды

Елбасы Иса Байтулиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлады elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі ғалым, биология ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Иса Байтулиннің  өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.
«Иса Омарұлы саналы ғұмырын ғылым жолына арнап, отандық ботаника саласының дамуына сүбелі үлес қосты. Сондай-ақ білікті ғылыми мамандар даярлау ісіне де зор еңбек сіңірді. Ғалымның артында өзі қабырғасын қалауға атсалысқан іргелі мектеп, көптеген монографиялық еңбектері және ізін жалғайтын талантты шәкірттері қалды. Иса Байтулиннің ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.