Талдықорғанда оқушыларды тасымалдаған автобус көлік апатына түсіп, бес бала зардап шекті.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8-16 жастағы оқушылар Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.
24 мамыр күні 08:30 шамасында оқушыларды тасымалдаған автобус көлік апатына түсті.
– «Исузу» маркалы автобусты 60 жастағы жүргізуші тізгіндеген. «Ол Амангелді көшесінде солға бұрылып, қарсы бағытта келе жатқан «Ауди» көлігіне жол бермеген. Салдарынан автобус «Мазда» көлігіне соғылған. Автобустағы 5 оқушы зардап шекті. Сондай-ақ «Ауди» көлігінің жүргізушісі және оның 56, 23 жастағы жолаушылары ауруханаға түсті, – делінген ведомствоның хабарламасында.
Қалалық ауруханаға Audi жүргізушісі мен оның жолаушылары – 56 жастағы талдықорғандық әйел мен 23 жастағы алматылық қыз жатқызылды.